Список предметов

Математика
Литература
Алгебра
Русский язык
Геометрия
Английский язык
Химия
Физика
Биология
Другие предметы
История
Обществознание
География
Українська література
Українська мова
Казак тили
Беларуская мова
Информатика
Экономика
Право
"киіктерді аялау керек" эссе 100 сөз
спросил от в категории Казахский язык

1 Ответ

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Қазақ елінің ұшы-қиырсыз даласындағы киіктің саны … 1 миллион 20 мыңнан асып жығылыпты!..

Ал 2003 жылы сол далада, киікті киелі санап келген қазақтың атақонысында небәрі … 21 мыңдай ғана киік қалған…

Қорқынышты, қасіретті көрсеткіш бұл. Әрине, түсінгенге, ұққанға.

Қиындықты өз қолымен жасап алып, соңынан — болары болып, бояуы сіңгесін! — өкінетін, өкінгенситін қоғамға не дауа: сол тұстары биліктің кенеттен есі кіргендей болды — құзырлы мекемелер, қоғамшыл кісілер дабыл қаға бастады. Нәтиже?

Нәтиже, әрине, шүкіршілік етердей ғана — Қазақстандағы киік саны, білушілердің айтуынша, 102 мың басқа жетіп жығылыпты. Қытай мен Түрікменстанда киік мүлде жойылыпты да, 5 мыңдайы Қазақстан мен Өзбекстан аралығында көшіп жүреді-міс. Он мыңдайы Қалмақияның қорықтарында, 3,5 мыңы Моңғолияда көрінеді.

«… Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен…» — депті кезінде Сәкен Сейфуллин. Демек, сол тұста да азайғаны ғой. Бірақ дәл қазіргідей емес шығар?!..

Киігіңіздің өзі оралдық, бетпақдалалық және үстірттік болып үшке бөлінеді екен. Оны зерттеушілер біледі. Анығы — киік саны әлі де қауіпті деңгейде тұрғандығы. Данышпан ғалымдар айтса, киіктің азаюы тек Қазақстанның, оның ұлы даласының ғана емес, әлемнің проблемасына айналып отыр: жан-жануардың әр алуан түрлері біріндеп құри берсе, адамзаттың да жүрімі тарылатыны рас. Бірақ, киік алдымен бізге, біздің сарышұнағы да азайып, құла түзге айналып бара жатқан Даламызға керек. 

ответил от
x
...